+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Қостанай облысында 264 адам екпеден бас тартқан

2020 жылғы 22 қаңтар 16:42
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 264 адам екпеден бас тартқан

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Орал Бекмағамбетов журналистермен өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтау әуежайында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті Италияда коронавирустан екінші адам қайтыс болды Оңтүстік Кореяда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

Өңірде «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын артыру жұмыстары кешенді жүргізілді.

«Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Облыста 90-нан астам жұқпалы аурулар бойынша мониторинг жүргізілуде. Инфекциялық аурулар көрсеткіштері өткен жылдар деңгейінде қалды. 20-29 жас аралығындағы адамдарға қызылшаға қарсы қосымша иммундау басталды, 78 660 адамға вакцинация жасалды. Өткен жылдың 1 сәуірінен бастап 9-11 айлық 7182 бала егу шараларынан өтті. Бұл 97,5%-ды құрайды», - деді Орал Бекмағамбетов.

Тағы бір айта кетерлігі, өңірде 264 адам вакцинациялаудан бас тартқан. Департамент басшысының сөзінше, екпеден бас тартудың негізгі себептеріне ішкі сенімсіздік, вакцинаға сенімсіздік, діни көзқарастар жатады.

Жыл басынан бері облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау аурулары бойынша 15208 жағдай тіркелген.

«2019-2020 жылдарға бюджет қаражаты есебінен құны 52 млн теңгеге 60 000 дана тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. 30066 адамды вакциналау жұмыс берушілер есебінен қаржыландырылды, өз қаражатымен 626 адам егілді», – дейді департамент басшысы.

Облыстағы ауыз су сапасы ұсынылған гигиена стандарттарына сай. Ағын су сапасының бактериологиялық көрсеткіштері 2,1%-дан 0,5%-ға, санитарлық-химиялық көрсеткіштер 4,6%-дан 2,9%-ға дейін кеміді.

Зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 1,17% құрады


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT