Қостанай облысында 24 жастағы жігіт жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қостанай қаласының тұрғыны Никита Миляевтің жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Никита Миляев 1994 жылы туған. Қаладағы үйінен 9 ақпан күні шығып кетіп, сол күйі хабар жоқ. Бүгінде іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды.

Полиция жоғалып кеткен жігітке қатысты мәліметтерді жариялады. Үйінен шыққанда оның үстінде ақ-сұр жолақты қара түсті бас киім, қара-көк түсті күрте, спорт шалбары және қысқы аяқ киім болған.

Ерекше белгілері: желкесінде 3-4 см болатын тыртық, сол қолында күйік іздері бар.

Тәртіп сақшылары Никита Миляевке қатысты ақпарат білетін адамдар болса, 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар