+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

2019 жылғы 3 желтоқсан 14:56
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жұмыспен қамту орталықтарының 500 қызметкері біліктілігін арттырады Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды Біржан Нұрымбетов: Міндетіміз – кадр даярлау жүйесін жұмыс беруші талабына бейімдеу

Қостанай облысында еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқамерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2062 адам қамтылған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа орналасуда көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын, сондай-ақ бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.

Қостанай облысында микрокредитпен 727 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 94 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 502 адам алды (жастар, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Қостанай облысында 5 217 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 066-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 870-і жастар практикасына және 3 281 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Сондай-ақ, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші мол өңірлерден Қостанай облысына 1 200 адам (259 отбасы) қоныс аударды. Қоныс аударушылар ішінен 581 адам еңбекке қабілетті жаста, оның ішінде 547 адам жұмысқа орналастырылды, 21 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады және 24 адам жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT