Қостанай облысында 21 жастағы жігіт суға кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 21 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін Қарасу ауданында болған.

«Іздестіру жұмысының нәтижесінде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Айдарлы су айдынынан 1999 жылғы жігіттің денесін алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт 3 маусым күні достарымен су жағасында жүрген. Суға шомылуға жабдықталмаған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткен», - делінген ТЖД хабарламасында.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар