Қостанай облысында 2 мыңға жуық дәрігер өтемақы алды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2 мыңға жуық дәрігер қосымша өтемақыға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде короновирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған 53 мың медицина қызметкеріне маусым айының үстемақысы төленуде. Бұл шараға республикалық бюджеттен Медициналық сақтандыру қорына 35 млрд 700 млн теңге бөлінді. Ал Қостанай облысының ақ халаттыларына 933 млн теңгеден артық сома үстемақы төленді.

«Медициналық сақтандыру қоры қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстемақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Қостанай облысында маусым айы үшін 2000-ға жуық дәрігер өтемақы алды. Өтемақыға ие болған дәрігерлердің 366-сы бірінші дәрежелі тәуекел тобына, 749-ы екінші, 759-ы үшінші дәрежелі тәуекел тобына жатады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Бүгінде өңірдің инфекциялық-провизорлық орталықтарда 2350 орын бар. Індет өршігелі төсек-орындар саны 4 есеге дейін артқан.

Соңғы жаңалықтар