Қостанай облысында 2 градус үсік жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25-27 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысында кей жерлерінде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

    Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең 25 қыркүйектекей жерлерінде тұман күтіледі.

    Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

    Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.


    Соңғы жаңалықтар