Қостанай облысында 2 бала газдан уланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 2 бала газдан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Рудный қаласында болған. 40 лет октября көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан тілсіз жау 0,5 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан 6 жасар ұл мен 2 жасар қыз бала газдан уланды. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар