Қостанай облысында 19 автокөлік жолы жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында қарлы боранның қайта күшеюіне байланысты 19 автокөлік жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазір өңірде күре жолдарға тосқауыл бекеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр. Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды. Аймақта орташа ауа температурасы -19 градус, желдің жылдамдығы – 12 м/с, облыстың барлық аумағында қар жауып тұр. Тұрғындардың ұялы телефондарына бүгін жолға шықпау туралы хабарлама жіберілді», - делінген ТЖД хабарламасында,

Облыста республикалық маңызы бар – 6, облыстық маңызға ие 13 автокөлік жолы жабылып, барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. ТЖД мамандары көлік жүргізушілерін алыс жолға шықпауға, елді мекендер ішінде барынша сақ болуға шақырады.

Еске салсақ, осы уақытта Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан шығатын барлық трасса жабық тұр. Сондай-ақ өзге бірқатар өңірде жол учаскелері жабылды.


Соңғы жаңалықтар