Қостанай облысында 18 адам қар құрсауынан шығарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бірнеше автокөлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында қар құрсауындағы құтқару жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері өңір құтқарушылары жүздеген адамды аман алып шықты.

«Кеше түнде Арқалық-Торғай тас жолының 30 және 60 шақырымында жолаушылары бар көліктер қарда тұрып қалды. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өтімділігі жоғары «Нива Марш-БРОНТО» техникасымен Арқалық қаласының құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді. Жұмыс барысында тас жолдың 32 шақырымында 6 машина қар құрсауынан шығарылды, 15 жолаушы құтқарылды. Аталмыш жолдың 60-шы шақырымында құтқарушылар 3 адамды эвакуациялады», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Зардап шеккен адамдар Арқалық қаласына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар