Қостанай облысында 17 жастағы бозбала суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласында 17 жастағы бозбала Тобыл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 маусым күні болған.

«Сағат 18:00-де Лисаков қаласында Тобыл өзенінен 2002 жылы туған баланың денесі табылды. Ол рұқсат етілмеген жерде суға түскен»,- делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Қостанайда 13 жасар жеткіншек үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар