Қостанай облысында 17 жасар қыз төрт күннен бері іздестірілуде

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер 4 күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің айтуынша, 2003 жылы туған Арузат Құрманғалиева 30 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Туған-туыстары оның жоғалғаны туралы тек бүгін хабарлаған.

«2020 жылғы 4 қазан күні Қостанай ауданының полиция бөліміне Заречный ауылының тұрғыны келіп, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары Арузат Құрманғалиеваға іздеу салды. Кәмелетке толмаған қыздың мекенжайы туралы хабары бар кез келген адамға «102» нөміріне қоңырау шалуын сұраймыз», - дейді Ирина Беженарь.

Арузат Құрманғалиеваның үстінде сұр түсті куртка, көк түсті джинс шалбары және кроссовка болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар