+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Қостанай облысында 167 ауылда мектеп жоқ

2020 жылғы 16 наурыз 00:57
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 167 ауылда мектеп жоқ

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 167 ауылда білім беру мекемесі жоқ. Бұл ақпаратты өңірлік коммуникация қызметінде облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қашықтан оқыту: Оқушылар мен ұстаздар қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі Білім министрі: Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда Көкшетау мектептеріне Абай мен Әл-Фараби есімдері берілетін болды

Облыста мектепке дейінгі ұйымдарда 17 мың бала кезекте тұр. Негізі, өңірде мектепке дейінгі жүйені дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары әзірленген-ді. Оған сәйкес 50 балабақша кезең-кезеңімен жаңғыртудан өтеді. Бұл жыл сайын 5 мыңға жуық баланы қосымша қамтуға және мемлекеттік бағдарламада белгіленген көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Биылғы дерек бойынша 167 ауылдық елді мекенде білім беру ұйымдары жоқ. Бұл ауылдарда мектеп жасындағы 1538 бала тұрады. Олар көрші ауылдардағы мектептерге арнайы бөлінген автобуспен қатынап оқиды. Техника паркі жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатта 2022 жылға дейін 30 автобус сатып алу жоспарда бар», - деді Орал Қаппасов.

Қостанай облысында 47 мектеп күрделі жөндеуді күтіп тұр. Оған жалпы сомасы 14 млрд теңге қаражат керек.

«Осы жылы 3 млрд теңгеге 15 мектепті жөндеуден өткізу жоспарланып отыр, 3 мектеп апатты жағдайда. Алдағы уақытта бұл ғимараттардың орнына әрқайсысы 320 орындық 3 жаңа мектеп салынады. Былтыр Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай ауылында апатты жағдайда тұрған ескі мектептің орнына жаңа мектеп салына бастаған. Оның құрылысы биыл шілде айында аяқталмақ. Қалған екі мектеп 2023 жылға дейін салынып, пайдалануға беріледі», - деді басқарма басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT