+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Қостанай облысында 154 мың жұмысшының жалақысы өсті

2019 жылғы 14 ақпан 17:44
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 154 мың жұмысшының жалақысы өсті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен конференция жұмысына облыстың аумақтық партия филиалдарынан сайланған 209 делегат қатысты.

«Биыл 27 ақпанда Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған съезд өтеді. Қостанайдағы басқосудың басты мақсаты - осы ауқымды іс-шараға орай өңір дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында партия филиалы атқарған міндеттерді екшеп, талдап, таразылай отырып, 2019 жылға белгіленген межені пысықтап, айқындап алу. 1 наурызда партияға 20 жыл толады. Бұл - барша қазақстандықтар үшін аса маңызды тарихи оқиға. Елдің даму кезеңдеріндегі күрделі экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайларда партия өзінің басты мақсаты ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат тұтты және оны бұлжытпай орындап келеді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істерге тоқталды. Оның айтуынша, Елбасы бастамасымен қолға алынған әлеуметтік бағдарламалар өңірде толыққанды жүзеге асып келеді.

«Биыл 1 қаңтардан бастап облыста 154 мың адамның жалақысы өскен. Сондай-ақ, салық жүктемемесін жеңілдету мақсатында жалақысы төмен 51,1 мың адамның айлығына арнайы үстеме ақы қосылған. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 1,6 млрд теңге қарастырылған. Мұның сыртында жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен өңірде қаңтар айынан бастап 40 мың жұмысшының жалақысы еселеніп отыр», - деді әкім орынбасары.

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының 140 жылдығын атап өту үшін кәсіпкерлерді бірігуге шақырды.

«Мерейтой қарсаңында біз облыс орталығын абаттандыруға күш жұмылдыруымыз керек. Осы мақсатта наурыз айында облыс кәсіпкерлерімен арнайы кездесіп, оларды өз мүмкіндіктеріне қарай, Қостанай қаласын көркейтуге үлес қосуға үндейміз», - деді ол.

Жиын соңында алдағы уақытта Елордада өтетін партия съезіне қатысатын делегаттар сайланды. Сондай-ақ, өңір дамуы мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына мұрындық болып жүрген партия белсенділері марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT