Қостанай облысында 1193 отбасыға АӘК төлеу тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 2439 отбасының атаулы әлеуметтік көмек алу заңдылығы тексерілді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесінде 116 отбасына АӘК төлеу уақытша, ал тағы 1193 отбасына төлем мүлдем тоқтатылған. Осы орайда Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Максим Устинов АӘК тағайындау кезінде өңір тұрғындарының әлеуметтік қызметкерлерді нақты табыстарын жасыру арқылы алдайтындығын айтады.

«Сарыкөл ауданының көпбалалы жаняұсы осы жылғы мамырда аудандық Жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау үшін өтініш білдірген. Отбасына жалпы сомасы 1 млн 13 мың 760 теңгеге,  ай сайынғы 88 мың 480 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды. Әлеуметтік көмекке жүгінген кезде отбасы басшысы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық декларациясын нөлдік табыспен берді. Биыл тамызда тұрмыстық жағдайларын қайта тексеру кезінде бұл отбасының жеке меншігінде екі қабатты коттедж, «Береке» азық-түлік дүкені, Volkswagen маркалы автокөлігі және ауыл шаруашылығы техникасы бар екенін анықтадық. Қайта есептеу нәтижесінде 1 тамыздан бастап отбасына АӘК беруден бас тартылды», – деді Максим Устинов.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар заңсыз тағайындалған АӘК-ті қайтару бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, Қостанай облысынан 49 мың 89 тұрғын немесе 11 мың 238 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.

Айта кетейік, АӘК тағайындаудың және төлеудің дұрыстығына мониторинг жүргізу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы теріс  мәліметтер ұсынғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар