Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Қостанай облысында 1000 домбырашы бір мезетте күй ойнады

2019 жылғы 4 шілде 01:16 1386
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында 1000 домбырашы бір мезетте күй ойнады

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелді ауданында Ұлттық домбыра күні мен елорда мерекесі қарсаңында түрлі рухани, бұқаралық іс-шаралар өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Тәжиннің сөзіне қарағанда, мерекеге дайындық жұмыстары былтырдан басталған.


null«Аудандағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте кәсіпкер Серік Қанафиннің демеушілігімен шағын футбол алаңы ашылды. Бұдан соң жастарға арналған шағын 8 пәтерлік үй пайдалануға берілді. Жастар жылына орай «Жастар саябағы» ашылды. Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде дарынды бір тауар музыкант Төкен Елтебаевты еске түсіруге арналған ғылыми конференция, ескерткіштің ашылуы және «Ұрпақ сабақтастығы» атты ұлт-аспаптар ансамблінің байқауы өткізілді», - деп ақпарат берді бөлім басшысы.

Ұлттық домбыра күнінің басты жаңалығы - ауданда тұңғыш рет 1000 домбырашының қатысуымен күй ойналды. Бұл бастаманы аудан әкімі Әмірхан Асанов көтерген. Домбырашылар бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» және «Келіншек» күйлерін орындады. Домбырашылар ауданның әр ауылынан келген.

Аудандағы мереке эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Домбыра, Қостанай облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT