Қостанай облысынан елде заңсыз жүрген шетелдіктер шығарылды - ІІД

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 98 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, соның төртеуі елден шығарылды.

Бұл туралы «Шетелдік» операциясының қорытындыларын шығарған Қостанай облыстық ІІД көші-қон полициясының бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дутпаев хабарлады.

«Шетелдік» операциясы көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер мен ҚР азаматтарының жауапкершілігін анықтаудан бөлек, алименттерді төлемейтін 16 адам мен мемлекеттік борышкер болып табылатын 37 адамды анықтауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар