Қостанай облысына келген Бердібек Сапарбаев жас футболшылармен кездесті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтік делегациясы Қостанай облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаевқа алдымен өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуы таныстырылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, «Тобыл арена» манежі УЕФА талаптарына сай келетін елдегі баламасы жоқ нысан.Мұнда халықаралық, ел біріншілігі ойындарын өткізуге болады. Үлкен футболға арналған жабық арена мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бір жылдың ішінде тұрғызылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары алаңда жаттығу жасап жүрген жас аяқ доп шеберлерімен кездесті.

«Сендерге облыс басшысы қаншама жақсы жағдай туғызып отыр. Мынадай алаң Қазақстанда жоқ. Сол себепті, бар мүмкіндікті пайдалану қажет. Сендер елімізді әлемдік аренада танытасыңдар. Спортпен шұғылдануды үнемі қолдап отырыңдар», -деп кеңес берді ол балғын футболшыларға.

Айта кетейік, «Tobyl Arena» манежінің ресми ашылуы премьер-лиганың 1-туры аясында «Тобыл» мен «Ертіс» командалары арасындағы ойын күні өтеді.

Бердібек Сапарбаевтың облысқа сапары «Жастар сарайында» жалғасты. Ертең Үкімет делегациясы Федоров ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап, аудан жұртшылығымен кездеспек.

Соңғы жаңалықтар