Қостанай облысына 11,7 млрд теңге инвестиция тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Kostanay Invest 2018» инвестициялық форумы өтпек. Форум барысында облыстың ішкі-сыртқы нарықтағы экономикалық әлеуеті таныстырылады. Аталған шара және өңірдің инвестиция тартудағы жетістіктері туралы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

- Мейіржан Иябайұлы, өңірге инвестиция тарту бағытында қандай жұмыстар атқарылды? Сондай-ақ құрылысы былтыр басталған Индустриялық аймақтың шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндігі бар ма?null 

- Кез келген өңірдің дамуы инвестициялық қаржының өсіміне байланысты. Біз бұл көрсеткіштер бойынша жоғары жетістіктерге иеміз. Күні бүгінге сырт елдерден тартылған инвестиция көлемі 2 есеге өсті, Былтыр 6,1 млрд теңге құйылса, осы жылдың басынан бері 11,7 млрд теңге тартылды. Екі жыл ішінде 14 жаңа жоба жүзеге асты. Оған 20 млрд теңге жұмсалды. Мәселен, «Баян сұлу» АҚ 900 млн теңгеге өнімдерін ұлғайтып, экспортқа шығатын мүмкіндікке ие болды. Кәмпит фабрикасында 23 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұған қоса Әулиекөл ауданында мал азығын дайындайтын жем зауыты ашылды. Өндіріс орнына бағытталған сома - 1,2 млрд теңге. Қазіргі уақытта зауытта 50 адам жұмыс істейді. Қостанай қаласындағы «Трансальпина» жем зауытының нәтижелері де көз қуантады. Рудный цемент зауытына 16,8 млрд теңге жұмсалды. Мұнда 300-ден астам жұмысшы бар. Осындай ірі инвестициялық жобалар экономикамызды ілгерілетуде. Бұл, өз кезегінде, Мемлекет басшысы айқындаған мақсат-міндеттерді нақты орындау жолында Үкімет, облыс тарапынан жасалған үлкен жұмыстардың жемісі.

nullИндустриялық аймақ инвесторлар үшін тиімді жұмыс алаңына айналды дей аламын. Бүкіләлемдік банк сарапшыларының қатысуымен біздің облыста «2018-2022 жылдарға арналған инвестиция тартудың жол картасы» бағдарламасының пилоттық жобасы жасалды. Өнеркәсіп әлеуетін арттыру үшін құрылған индустриялық аймақта жыл аяғына дейін 2 инвестициялық жоба іске асады. Аумақ көлемі - 400 гектар. 120 гектарында құрылыс жұмыстары өтіп жатыр. Шетелден келген инвесторлардың алқаптарын газбен, сумен, байланыс жүйесі, электр энергиясымен қамтамасыз ететін боламыз.   

Индустриялық аймақта «Беларус» маркалы тракторларды құрастыру жоспарда бар. Мұны ресейлік «Композит групп» компаниясы Минск трактор зауытымен ынтымақтастықта іске асырады. Жоспар бойынша мұнда жылына 3 мыңға дейін трактор шығарылады. Жобаның бастапқы құны 2,3 млрд теңгеге бағаланды. «Астық» элеватор құралдары зауыты да металл құрылғылары цехын салуға ниетті. 1 млрд теңге жұмсалатын цех 20 адамға жұмыс тауып береді. Тағы бір жоба - YTO маркалы тракторларды құрастыратын өндіріс. Бұған 1 млрд доллар қаржы құйылады.

Жалпы, Индустриялық аймақтың қазіргі жетістіктері осындай. Облыс экономикасын ілгерілету үшін әлі де инвестиция тарту жұмыстарын күшейтеміз.

null- Облыстағы ет кластерін дамыту - өзекті мәселе. Жақында Арқалықта ет өңдеу цехы ашылды. Ет өнімдерінің сапасын арттырып, оны экспортқа шығару үшін әлдебір қиындықтар бар ма?

- Арқалық - стратегиялық маңызы бар қалаларымыздың бірі. Қала өңірдің оңтүстік аудандарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Ет өңдеу цехының ашылуы мал шаруашылығын қарқынды түрде дамытуға зор мүмкіндік  берері сөзсіз. Польшадан әкелінген өнімділігі жоғары жаңа жабдықтар орнатылады. Қуаттылығы күніне 10 тоннадан асып жығылады. Шұжық өнімдері мен консервіленген ет шығаратын жаңа өндіріс орны жылына 1 мың тонна дайын өнім шығарады деп күтілуде. Мұның өзі қосымша құннан пайда табуға болады деген сөз. Ет комбинатына Украинадан құны 42 млн теңге болатын консервілеу аппараты әкелінді. Сондай-ақ, жоба жетекшісі «Торғай-Ет» ЖШС консервіленген өнімді қайнатуға арналған жабық қазандық сатып алды. Бұған 15 млн теңге жұмсалды. Мал сою цехында ішек-қарын тазаланатын және тері сақтайтын қойма бар. Сиыр еті тоңазытқыштарда -36 градус температурға дейін сақталады. Ең бастысы, комбинатта 120 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал негізгі мақсат - ет өнімдерінің сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті ету, экспортқа жол ашу. Елбасының «Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет» деген сөзі бұл істердің дұрыс бағытта жүріп жатқандығын білдіреді. Қазіргі уақытта экспортқа шығу үшін анау айтарлықтай қиындық жоқ. Ішкі сұраныс та жоғары. Қарағанды облысының Ұлытау, Ақмола облысының Жарқайың, Есіл аудандарының шаруалары малдарын осы комбинатқа өткізе алады. Бастысы, оңтүстік аудандарда жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік болады. Өйткені, мал шаруашылығы сол аудандарда жақсы дамыған.

null- Өзіңіз айтқан өңірдің оңтүстігіндегі аудандардағы кәсіп деңгейі қандай? Әсіресе, жастар бизнестің қыр-сырын меңгеріп жатыр ма?

- Шағын және орта бизнес - ел экономикасының күретамыры. Бұл сала Қостанай облысында енді-енді қарқын алып келеді. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Жылына бұл үшін 30 млрд теңге бөлінеді. Облыс өңірінде «Бизнестің жол картасы» жүзеге асқан уақыттан бері 598,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 4500 жұмыс орны ашылды. Осы уақыттарда бюджетке 44,4 млрд теңге салық түсті. Кәсіпкерлікті қолдаудың қабылданған шаралары арқасында соңғы 4 жылда облыста шағын және орта бизнестің өнімі 50%-ға өсті. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың саны 2014 жылы 138 мың болса, былтыр ол 152 мыңға дейін артты. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 4-орында. Биылдың өзінде шағын және орта бизнесті қолдауға 10 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Оңтүстік аудандардың кәсіпкерлері мемлекеттк бағдарламаларды дұрыс пайдаланып келеді. 2018 жылы бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде  239,2 млн теңге сомасында 75 шағын несие алынды. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын оңтүстік өңірлерге 6,7 млн теңге болатын 2 несие берді. Негізінен, осы жылы 1177 адам бизнес курстарға қатысты. Олардың 693-і өз бизнес-жобаларын қорғады. Өткен жылы оқу тек Әулиекөл, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара және Федоров аудандарында өткізілді. Биыл барлық аудан мен қалаларда оқыту жүргізілуде. Жалпы жыл соңына дейін 2 000 адамды оқыту жоспарда бар. Жыл басынан бері 693 бизнес оқуын бітірушінің 304 жобасы қаржыландырылды. Бұл мақсатта 782,8 млн теңге жұмсалды. Қостанайлықтардың көбі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқуға түседі. Оның тиімділігі - шағын несие алып, бизнес жүргізу негіздерін үйретеді. Осы бастама аясында Қостанай облысы бойынша 454 кәсіпкерлік субъектісі ашылмақ. Бүгінде сол жоспардың 63 пайызы орындалған. Мен Арқалық қаласында өткен оңтүстік аудандарды дамытуға арналған алқалы жиынға қатыстым. Жастардың үйренуге құлшынысы жоғары. Шынын айту керек, «Бастау-Бизнестегі» жобалардың дені ауыл шаруашылығын дамытуға негізделген. Қалғаны қызмет көрсету, тасымалдау мен қоғамдық тамақтандыру қызметіне арналған. Енді дәріс алған әр азамат ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры немесе басқа да несие ұйымдарының қолдауына ие бола алады. Шарттары да тиімді.

null  - Мейіржан Иябайұлы, Қостанайдағы сыртқы сауданың көлемі қандай? Қай салалар кемшін қалды? Сыртқы сауданы дамытуға байланысты алда қандай жоспарлар бар?

- Облыс дамуының негізгі тетігі сыртқы саудасының өсуі екеніне ешкім дау айта қоймас. Оның қарқынды дамуы - біздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуымыздың айқын кепілі. Қостанай облысында сыртқы сауда 2018 жылдың қаңтарынан бері 1685,4 млн АҚШ долларына тең. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 47,3 пайызға артық. Сыртқа шығарылатын тауарлардың арасында ауылшаруашылық, автоөндіріс және қара металлургияның өнімдері басым. Қостанайдың басты сауда әріптестері - Ресей мен Ауғанстан. Сонымен қатар, Өзбекстан, Иран, Қытай елдерімен сауда байланысы жоғары. Өздеріңізге белгілі, Қазақстандағы экспортқа шығатын азық-түліктің төрттен бірі Қостанай облысына тиесілі. Ұн экспортынан біздің облыс бірінші орында тұр. Бұдан бөлек, «Баян сұлу» кәмпит фабрикасы, «ЕвразКаспианСталь» АҚ, «Арасан» сусын кәсіпорны, «СарыарқаАвтоПром» машина зауыты, «Милх» сүт зауыты, «САЛАМАТ»,  зауыты, «БестКостанай» ұн комбинаты секілді кәсіпорындар сыртқы нарықта танымал болды. Енді аталған компанияларда Цифрландыру бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, жаңа жобаларды қолға аламыз. Сонда қостанайлық өнімге қызығушылық танытатын инвесторлар қатары көбейеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке үш жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібін қолдауға 500 миллиард теңге бағыттауды тапсырды. Бұл да қостанайлық кәсіпкерлерге қосымша серпін берері анық.

- Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге рахмет!null

Соңғы жаңалықтар