20.12.2022 14:35 Қостанайда жылу желісі жарылып, көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласындағы Уральская көшесінде жылу құбыры жарылып, бір көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай жылу энергетика компаниясының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
17.12.2022 13:27 Қостанай облысында жол апатынан екі адам мерт болды АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 10:30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолының 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан «Газель» автокөлігімен соқтығысып, кейін екі көлік өртеніп кетті.
14.12.2022 17:06 Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық сотының жаңа төрағасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.12.2022 18:55 Қостанайда қыздар арасында ел чемпионаты басталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында бокстан əйелдер арасында ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.12.2022 04:02 Қостанай облысында шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында екі шетелдік наубайханада заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.12.2022 03:20 Қостанай облысында автобус жүргізушілері қандай заңбұзушылыққа жиі барады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық шарасы барысында заң бұзудың 247 фактісі анықталды. 11 жүргізуші автобусты заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.12.2022 12:24 Қостанайда мұз болған үйлер құрылысы: Әкімдік оқиғаға түсініктеме берді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанайдың Қонай шағын ауданындағы жаңа салынған, бірақ пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарап кетті. Онда бөлменің қақ ортасында еденнен төбеге дейін мұз қатып тұр. Қостанай әкімдігі осы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.12.2022 19:25 Қостанайда көпірден секірмек болған әйел құтқарылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанайда көпірден секіргісі келген әйел құтқарылды. Полицейлер жеткенше оның аман қалуына жергілікті тұрғын көмектескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
10.12.2022 13:12 Рудный қаласында суық су құбыры жарылды РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.
08.12.2022 01:48 Қостанайдағы құс фабрикасына қатысты тергеу басталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы «Жас қанат-2006» құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.12.2022 14:52 Қостанайдағы су құбырында апат болды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Таңертең Қостанай көшелердің біріндегі қысым коллекторында апат орын алды, жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.12.2022 13:01 Қостанай қаласында кәріз құбыры жарылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде кәріз құбыры жарылып, су жол бойына жайылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.12.2022 07:25 Қазақстанның төрт өңірінде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстарының бірнеше ауданында оқушылар онлайн форматта білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.12.2022 20:15 Экс-әкім Архимед Мұхамбетов: Облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Біздің облыстың ең маңызды ресурсы – адами капитал. Бүгін Қостанай облысының әкімі қызметінен босатылған Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде пост жариялап, қостанайлықтарға «шынайы алғысын» білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.12.2022 15:25 Премьер-Министр Қостанай облысының жаңа әкіміне қандай тапсырмалар берді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының әкімі болып тағайындалған Құмар Ақсақаловты облыс активіне таныстырған Премьер-Министр Әлихан Смайылов әкімдіктің алдына бірқатар міндет қойылғанын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
01.12.2022 14:08 Құмар Ақсақалов Қостанай облысына әкім болды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжатқа бүгін Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.11.2022 22:25 Арқалықтағы ЖЭО апатының себебі айтылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық әкімдігі бірнеше күн бұрын жылу электр магистралінде болған апаттың болжамды себебін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.11.2022 22:00 Қостанай қаласын жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесінде шырша орнатып, мұз қалашығын салуға 44,1 млн теңге бөлген. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәжит Шүленов мәлім етті.
30.11.2022 15:31 Қостанай облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімінің өкіміммен Назарбек Қонақбаев облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.11.2022 03:18 Өрттен зардап шеккен қостанайлықтардың балаларына арналған балабақшаның құрылысы басталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өрттен зардап шеккендерге арнап салынған баспаналардың маңынан бой көтеретін балабақшаның құрылысы басталды.