17.01.2023 17:26 Қостанай облысында үшем дүниеге келді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Меңдіқара ауданында Николай, Евгений және Виолетта есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 19:52 Қостанайдағы алапат өртке себепкер деп танылған тракторшыға қатысты үкім шықты ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған алапат өрттің тұтануына себепкер деп танылған тракторшыға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті.
14.01.2023 12:45 Қостанай облысында Сенат депутаттығына үміткер Ғауез Нұрмұхамбетов басым дауыс жинады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қостанай облысы бойынша үміткер ретінде тіркелген Ғауез Нұрмұхамбетовтың кандидатурасын 212 таңдаушы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.01.2023 11:21 Қостанай облысында сенатор сайлауына 255 мәслихат депутаты қатысуда ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.01.2023 18:52 Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды – ҚМА мен ІІМ бірлескен іс-қимылы АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен іс-қимылы ақрасында Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.01.2023 15:20 Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай-Су» қалалық коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
10.01.2023 13:53 «Тобыл» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Сербиялық маман Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.01.2023 19:46 Қостанай облысында 10 адамнан құралған топ кәсіпкерлерді бопсалап келген ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бопсалаумен айналысып келген 10 адам күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
07.01.2023 16:33 Тобыл өзенінде көлікпен қарға батқан балықшылар құтқарылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудныйдың екі балықшысы қар құрсауында қалған. Оларды құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.01.2023 13:38 Арқалықта полицей 5-қабаттан құлаған бойжеткенді қағып алмақ болған АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқалықта полицей 5-қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
06.01.2023 10:59 Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыста 16 техника мен 16 адам кезекшілік етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.01.2023 20:19 Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік соғылып, бір адам қаза болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Арқалық-Торғай тасжолында 5 көлік жол апатына ұшырап, бір адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
02.01.2023 14:14 Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізушіні навигатор айдалаға адастырып жіберген АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадан Ақтөбеге жолға шыққан жүргізушіні навигатор айдалаға адастырып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.01.2023 19:28 Қостанайлық құтқарушылар адасып кеткен екі азаматты тауып алды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар трактормен далада адасып кеткен екі тұрғынды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.12.2022 22:40 Қостанай облысында газ өшірілмейді - оператор ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайдағы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндіріс филиалында әлеуметтік желіде тарап жатқан 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қостанай облысында газ өшірілетіні туралы ақпарат жалған екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
26.12.2022 15:41 Қостанайда құбыр жарылып, 8 тұрғын үй жылусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында жерасты жылу құбыры жарылып, 8 көппәтерлі тұрғын үй жылусыз қалды.
24.12.2022 16:29 Еліміздің жетекші көз хирургі Серік Жұмабаев дүниеден өтті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы жетекші көз хирургтарының бірі Серік Ембергенұлы Жұмабаев 63 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.12.2022 12:38 Қостанайда тұмауға байланысты емханалар демалыс пен мерекеде де жұмыс істейді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қалалық емханалар 24 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында демалыс күндері және мереке күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
23.12.2022 12:08 Ақмола және Қостанай облыстарында боранға байланысты бірнеше жол жабылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай және Ақмола өңірінде бірқатар тасжолдардакөлік жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.12.2022 10:30 Жаңа жылдан бастап Қостанайда автобус жолақысы қымбаттайды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанайда қоғамдық көліктің тарифі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТКШ бөліміне сілтеме жасап.