13.03.2023 19:18 Рудныйда 600-ге жуық үйге жылу қайта беріле бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Рудный қаласында құбырды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 600-ге жуық үйге жылу қайта беріле бастады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 14:21 Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әулиекөл ауданының тұрғыны Әйгерім Долдашева салмағы 6,7 келі қызды дүниеге әкелді. Алып қыз Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.03.2023 14:08 Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген Рудный тұрғыны мәжбүрлі емдеуге жіберілді РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Бір жыл бұрын Қостанай облысының Рудный қаласында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген ер адамның ақыл-есінде кемістігі бар деген қорытынды жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 22:22 Қостанайдағы Түйемойнақ ауылын су басу қаупі сейілді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы Түйемойнақ ауылын су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдегі ТЖД-ға сілтеме жасап.
09.03.2023 11:50 Қостанай облысында жолда қалған 21 адам құтқарылды - ТЖМ АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының аумағында 8 наурызда күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланған еді. Осыған орай тас жолдарда авариялық-құтқару операциялары жүргізіліп, 21 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
07.03.2023 10:06 Қостанай облысында жолда қалған 24 адам құтқарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында күн райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 24 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
06.03.2023 16:18 Қостанай облысында қар құрсауында қалған 35 жолаушы құтқарылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өткен аптада Қостанай облысы трассаларында 7 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Қар құрсауынан 35 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.03.2023 12:42 Қостанай облысында алдағы жылдары 9 мектеп салынады АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгінов Қостанай облысындағы жұмыс сапарында өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
26.02.2023 10:14 Қостанай облысының жолдарында 4 күнде 1615 құқықбұзушылық анықталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер жүргізушілердің жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтауын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17.02.2023 19:23 Өрт қаупі жоғары кезеңдерде қостанайлықтардың орманға баруына тыйым салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде тұрғындардың орманға баруына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімдігінің қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 09:50 Қостанай облысында цифрлық активтермен тыйым салынған қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
14.02.2023 22:42 Қостанайлық полицейлер өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арнайы операция барысында полицейлер заңсыз айналымнан 1,5 келіден астам «синтетиканы» тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
13.02.2023 16:19 Қостанайдағы жол апатынан жүргізуші көз жұмып, екі адам ауруханаға түсті ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында болған жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
11.02.2023 19:19 2023 жылдың І тоқсанында елдегі барлық ЖЭО мен электр желілерінің аудиті аяқталады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2023 жылдың І тоқсанында елдегі барлық ЖЭО мен электр желілерінің аудиті аяқталады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлік сайтына сілтеме жасап.
09.02.2023 09:34 Рудныйда желілерден тағы ақау шығып, 100 нысан жылусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Рудный қаласында жылу магистралінен тағы ақау шығып, 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 23:35 Қостанай облысында ауа райына байланысты бірқатар жолдар жабылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қостанай облысында бірқатар жолдардың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.
07.02.2023 21:06 Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші әйел мен оның егіз баласы көз жұмды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты: егіз бала және олардың анасы, деп хабарлайды Polisia.kz.
07.02.2023 14:59 Арқалық қаласы газдандырыла ма АСТАНА. ҚазАқпарат – Арқалық қаласын, Жангелді және Амангелді аудандарын газдандыру қазіргі уақытта мүмкін емес. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.02.2023 13:41 Қостанайда меморган жәндік улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған мемлекеттік органның әрекетіне шек қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
07.02.2023 12:44 Ресейге 160 тонна пияз экспорттамақ болғандар ұсталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жалпы салмағы 160 тонна пиязды елімізден Ресейге алып өтпек болғандар анықталды. Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер депарматентінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.