21.01.2023 19:16 Мемлекет басшысы Лисаковкадағы демалыс орталығына барды ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Лисаков қаласындағы балаларға арналған «Алақай» отбасылық демалыс орталығына барды, деп хабарлайды Ақорда.
21.01.2023 18:07 Қасым-Жомарт Тоқаев Лисаков қаласының жылу электр орталығына барды ЛИСАКОВ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Лисаков қаласының жылу электр орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
21.01.2023 17:36 Президент «Соколов» кен орнының жұмысымен танысты ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірге жұмыс сарапы барысында Президент «Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) акционерлік қоғамына барып, Соколов кен орнының жұмысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
21.01.2023 16:49 Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барып, шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
21.01.2023 16:43 Құмар Ақсақаловқа барлық коммуналдық нысанның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алу тапсырылды РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
21.01.2023 16:18 Президент Рудныйда тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгеніне көз жеткізді РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен оның пәтеріне барды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
21.01.2023 11:03 Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
20.01.2023 17:12 Қостанай облысында жалған доллар саудасымен айналысқан қылмыстық топ анықталды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті республика аумағына жоғары сапалы жалған АҚШ долларын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
19.01.2023 15:27 Рудный қаласында құбыр жарылып, 83 үй жылусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.01.2023 13:06 Қостанай облысындағы Набережный ауылдық округіне қазақша атау берілмек ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Бейімбет Майлин ауданындағы Набережный ауылдық округі мен Елизаветинка ауылының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы өңір әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.01.2023 17:26 Қостанай облысында үшем дүниеге келді ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына қарасты Меңдіқара ауданында Николай, Евгений және Виолетта есімді үшем дүниеге келді. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 19:52 Қостанайдағы алапат өртке себепкер деп танылған тракторшыға қатысты үкім шықты ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған алапат өрттің тұтануына себепкер деп танылған тракторшыға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті.
14.01.2023 12:45 Қостанай облысында Сенат депутаттығына үміткер Ғауез Нұрмұхамбетов басым дауыс жинады ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Қостанай облысы бойынша үміткер ретінде тіркелген Ғауез Нұрмұхамбетовтың кандидатурасын 212 таңдаушы қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.01.2023 11:21 Қостанай облысында сенатор сайлауына 255 мәслихат депутаты қатысуда ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының Жастар сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.01.2023 18:52 Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды – ҚМА мен ІІМ бірлескен іс-қимылы АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен іс-қимылы ақрасында Қостанай облысында есірткіні тарату схемасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10.01.2023 15:20 Қостанайда құбыр жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі бойында тозған құбыр жарылып, 4 көпқабатты тұрғын үй мен Халыққа қызмет көрсету орталығы сусыз қалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Қостанай-Су» қалалық коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
10.01.2023 13:53 «Тобыл» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат – Сербиялық маман Милич Чурчич «Тобыл» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.01.2023 19:46 Қостанай облысында 10 адамнан құралған топ кәсіпкерлерді бопсалап келген ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бопсалаумен айналысып келген 10 адам күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
07.01.2023 16:33 Тобыл өзенінде көлікпен қарға батқан балықшылар құтқарылды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудныйдың екі балықшысы қар құрсауында қалған. Оларды құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.01.2023 13:38 Арқалықта полицей 5-қабаттан құлаған бойжеткенді қағып алмақ болған АСТАНА. ҚазАқпарат - Арқалықта полицей 5-қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.