Қостанай облысы жылына 60 мың автокөлік шығаруды көздеп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жыл басынан бері автокөлік құрастыру 15,7 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылдың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қорытындылаған аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.  

«Қазіргі таңда облыста автокөлік құрастыру жұмысы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан көлік құрастыру 15,7 пайызға дейін өсті. Сонымен бірге, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС алаңында биыл 7772 автокөлік, 93 жүк көлігі, 76 автобус пен микроавтобус шығарылды. Ал «АгромашХолдинг» АҚ-да 225 комбайн өндірілді. Ол кәсіпорынның өнімділігі 2,1 есеге артып отыр», - деді Архимед Мұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қостанай облысы әкімінің айтуынша, биыл өңір кәсіпорындарында құралған атвокөліктердің санын 10 мыңға жеткізу көзделуде.

«2019 жылы - өндіруші алаңдарымызда 25 мың автокөлік құрау туралы биік мақсатты көздеп отырмыз. Үш жыл бұрын бар болғаны 2,5 мың автокөлік құрайтын едік. ҚХР-дан биыл Қазақстан нарығына «SMC» ірі компаниясының енуіне байланысты 1,2 млрд АҚШ долларлық (негізгі пакеті «Группа Компаний Аллюр» АҚ-қа) инвестицияны күтіп отырмыз. 2023 жылға дейін осылайша, жыл сайын шығарылатын автокөліктердің санын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Архимед Мұхамбетов..

Соңғы жаңалықтар