Қостанай облысы жолдарында ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 23 наурыздан бастап 1 мамырға дейін Қостанай облысында жүк көлігіне шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» ЖШС аймақтық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» хабарлағандай, жеке білікке 8 тоннадан астам жүктеме түсетін автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл шара жыл сайын көктемгі кезеңде жолдардың қыс мезгілінен кейін сақталуы үшін жасалады.

«Шектеу халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларда жұмыс істейтін, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, багажды, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөлік құралдарына қолданылмайды» деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

Шектеулер Қостанай облысында 1 мамырға дейін сақталады.


Соңғы жаңалықтар