Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі тағайындалды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ұзынкөл ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі және Қостанай облысы әкімінің өкімімен Аужанов Азамат Қанатұлы Ұзынкөл ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Аужанов бұған дейін Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін хабарланғандай, Жанбаев Данияр Серікұлы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар