Қостанай облысы өзін қандай азық-түлікпен толық қамтамасыз етіп отыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы бірқатар азық-түлік тауарлары бойынша толығымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. 10 негізгі тауар бойынша ішкі нарық 100%-дан жоғары қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 негізгі тауар бойынша ішкі нарық 100%-дан жоғары қамтамасыз етілген. Олар: ұн, нан, макарон, сиыр еті, сүт, жұмыртқа, құс еті, күнбағыс майы, сары май, картоп. Өз өндірісі есебінен алты тауарлық позиция бойынша ашытылған сүт өнімдері бойынша - 60%, сәбіз бойынша - 54%, қырыққабат бойынша - 50%, ірімшік және сүзбе бойынша - 33%, пияз бойынша - 32%, қарақұмық жармасы бойынша – 8%. Сұраныс толық қамтамасыз етілген. Бұл өнімдердің жетіспейтін бөлігі республиканың басқа өңірлерінен және жақын шетелден әкелінеді. Үш тауар - күріш, қант және тұз бойынша облыс халқы толығымен Қызылорда, Алматы облыстарынан және Ресейден келетін импорт есебінен қамтамасыз етілген», - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашлығы басқармасының басшысы Тимур Бесімбаев.

Облыс халқын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен баға белгілеу тетігін іске асыруға 6,6 млрд теңге бөлінді.

«Өнімнің тоғыз атауы бойынша тауар интервенциялары жүргізіледі. Олар: ұн, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, рожки, құс еті, қант, жұмыртқа, сиыр еті, сары май. «Айналым схемасы» бойынша өндірушілер мен кәсіпкерлерге 1 856 млн теңге сомасында жеңілдетілген қарыздар бөлінді. Форвардтық сатып алу бойынша тұрақтандыру қорына жалпы сомасы 1,8 млрд теңгенің өнімі - қырыққабат, картоп, сәбіз, пияз, ұн, құс еті, жұмыртқа сатып алынды», - деді ол.

Т.Бесімбаевтың айтуынша, өңірде 200-ге жуық қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Олар жыл басынан бері 115 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық.

«1 мамырдағы жағдай бойынша 400 мың тонна ұн, 8,9 мың тонна макарон өнімдері, 3,5 мың тонна жарма, 7,6 мың тонна өсімдік майы, 833 тонна шұжық өнімдері және 6,5 мың тонна ет өндірілді», - деп атап өтті Бесімбаев.



Соңғы жаңалықтар