Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник жұмысынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева мәлім еткендей, В.Дудник бүгін қалалар мен аудандардың ауруханалары басшыларымен онлайн режимде жиын өткізді. Жиын барысында ол қызметінен өз еркімен кететінін мәлімдеген.

«Мен басшылыққа қызметімнен босату туралы арыз жаздым. Бүгін соңғы жұмыс күнімді өткіземін. Расымен де, облыстың денсаулық сақтау саласында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Алдағы уақытта да маңызды жобаларды іске асыратындарыңызға сенім мол. Бірге болғандарыңыз үшін рахмет», - деді департамент басшысы әріптестеріне.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы тұлға ертең таныстырылатыны күтіледі.



Соңғы жаңалықтар