Қостанай облысы білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Құсайын Кәткенов өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы өкіммен Құсайын Кәткенов өз еркімен білім басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Басқарма басшысының міндетін Ольга Павловна Киселева уақытша атқарады»,-деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов.

Ольга Киселева бұған дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ол білім басқармасында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын іске асыру жұмыстарын атқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар