Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі пара алғанын мойындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстағы Әулиекөл ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол делдал арқылы кәсіпкерден мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу бойынша мемлекеттік тапсырыс туралы шартқа сәйкес атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, жалпы болысқаны үшін 7 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

«Күдікті ұсталғаннан кейін аталған соманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлеріне өз еркімен берді. Әкім өз кінәсін толықтай мойындап, сотқа дейінгі тергеудің жеңілдетілген тәртіппен өтетінін мәлімдеді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин брифингте.

Оған қатысты соңғы үкімді сот шығарады.

Соңғы жаңалықтар