Қостанай облысы әкімінің орынбасары КВИ-ге қарсы вакцина қабылдады

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қазірге дейін Қостанай облысында 40 адам вакциналаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өңірде 40 адам коронавирус індетіне қарсы екпеден өтті. Олардың тең жартысы – медицина қызметкерлері.

«Егілгендердің арасында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Айтбаев және облыстық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Ирина Штейгервальд бар. Пациенттер вакцинациядан кейін жарты сағат мамандардың бақылауында арнайы кабинетте болады. Егу процесінен бұрын пациентті терапевт тексеріп, келісімін алады», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.


Бұған дейін Қостанай облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша дайындық жұмыстары аяқталғанын жаздық.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек саясаты бөлімінің басшысы Гүлнар Оспанованың айтуынша, бүгін аймаққа вакцинаның 1200 дозасы әкелінді. Вакцина жүргізуге барлығы 31 медициналық мекеме жұмылдырылады. Оның ішінде 26 мемлекеттік, 5 жекеменшік емхана бар.


Соңғы жаңалықтар