Қостанай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Алматыда жаңа қызметке тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес АҚ басқарма төрағасы болып Мұрат Дәрібаев сайланды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қала әкімі бұрынғы төраға Қайрат Көлбаевқа ұлттық компанияның дамуына қосқан үлесі үшін алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Б.Байбек ӘКК басшысы алдына инвестиция тарту, бәсекеге қабілетті, экспортқа бақытталған өнімді өндіруде бірқатар міндет қойды.

Мұрат Дәрібаев мемлекеттік қызмет пен коммерциялық секторда үлкен тәжірибеге ие. Инженер және экономист мамандықтарының иесі.

Әр жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор лауазымында қызмет етіп келген. Соңғы рет Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

Соңғы жаңалықтар