Қостанай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Мұрат Сандыбаев Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Мұрат Миртайұлы Сандыбаев Ұзынкөл ауданының әкімі қызметінен босатылып, ағымдағы жылдың 28 шілдеден бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды», - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен .

Мұрат Сандыбаев - Ұзынкөл ауданының тумасы. Әр жылдары Федоров ауданы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ұзынкөл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар