+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қостанай облысы әкімдігінде жаңа тағайындау болды

2016 жылғы 20 желтоқсан 16:30
Бөлісіңіз:
Қостанай облысы әкімдігінде жаңа тағайындау болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігіндегі жаңа тағайындау болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің 2016 жылдың 7 желтоқсандағы өкімімен Шаимов Мұрат Амантайұлы арнайы тексеріс қорытындысын алғанға дейін Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Шаимов Мұрат Амантайұлы 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Жоғары білімді, 1995 жылы Нижегород жоғары әскери тыл училищесін инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

1991 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарды. 2009 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін «Астана медицина университеті» АҚ материалдық қамтамасыз ету директоры ретінде жұмыс жасады.

2010 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасында учаске бастығы лауазымын атқарды.

2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін «CTKLF» ЖШС директоры болса, 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың жлтоқсанына дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті басшысының орынбасары ретінде еңбек етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT