Қостанай облысы әкімдігінде «Адалдық дүкені» ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігінің ғимаратында дүкен ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімдігі «Integrity Shop» (Адалдық дүкені) жобасына қосылды.

«Аталған дүкен облыс әкімі ғимаратының 1-қабатындағы асханада орналасқан. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілері арасында сұранысқа ие болып отыр. Дүкеннің алғашқы келушілері облыс әкімінің қызметкерлері болды», - деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Дүкеннің бар ерекшелігі - кез келген сатып алушы есептегішті пайдаланып, өзіне қажетті тауарды таңдайды. Алған затының сомасын есептеп, ақшаны арнайы жәшікте қалдырады.

Мұндай дүкеннің болуы адамдарды адалдыққа баулиды дейді ұйымдастырушылар. Алдағы уақытта әкімдік қызметкерлері «Адалдық дүкені» тауарлар желісін кеңейту және POS-терминалдар орнатуды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар