Қостанай облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Анатолий Сергеевич Смолинді қашықтан таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше , шараға облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, сот алқаларының төрағалары мен судьялар, сондай-ақ соттар әкімшісінің басшылығы қатысқан.

Іс-шараны ашқан Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған Асламбек Мерғалиевке табыс тілеп, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен А.Мерғалиев Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Анатолий Смолин сот жүйесінде 31 жыл жұмыс істеген, ол екі аудандық соттың төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы болған, ҚР Жоғарғы Сотының Қадағалау алқасын басқарған, сондай–ақ ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Оның сот жүйесіне сіңірген барлық еңбегін, тәжірибесі мен білімін ескере отырып, Мемлекет Басшысы А.Смолинді осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылдады», - деп жаңа қызметіне табыс тілеп, түйіндеді Ж.Асанов.


«Жақып Қажманұлы, біз ұжыммен бірге Сіздің сеніміңізді еңбекке деген сапалы және адал қарым-қатынасыңызбен ақтауға тырысамыз және Сіз бастамашы болып табылатын реформаларды жүзеге асыруға ықпал ететін боламыз», - деп атап өтті сот төрағасы А.Смолин.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларына арнаған сөзінде А. Смолин салтанатты іс–шараға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, әркімнің функциялары әртүрлі, бірақ міндетіміз бір ол мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеу және адам құқықтарын нығайту екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар