Қостанай облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімінің өкіміммен Назарбек Қонақбаев облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз хатшысы Жұматай Кәкімжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Назарбек Нағашыбайұлы 1986 жылы 11 маусымда Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер», 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облыстық білім басқармасының «Білім берудегі өңірлік жаңа технологиялар орталығы» МКҚК бас маманы болып бастады. Әр жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС орта және шағын жобаларды басқару жөніндегі орталықтың инженері, Лисаков қаласындағы «Уста плюс» ЖШС директорының орынбасары, Лисаков қаласы әкімінің орынбасары, Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі және орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа тағайындауға дейін Қостанай ауданы әкімінің орынбасары болған.


Соңғы жаңалықтар