Қостанай облыстық ІІД патрульдік көлік пен скутер соқтығысқан жол апатын түсіндірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД WhatsApp  мессенджерімен таралған ақпаратқа қатысты түсінік берді. Таралған хабарламада белгісіз автор патрулдік машинаның скутердегі ер адамды қағып кеткенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақпаратты тексеру барысында 10 шілдеде Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде 55 жастағы скутер жүргізушісі Кавкетаев көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, аударылғаны белгілі болды. Оқиға кезінде осы көшені жергілікті полиция қызметінің қызметшілері патрульдеген. Олар ер адамға көмектесіп, үйіне жеткізіп салған», - деп түсіндірді ведомствода.

Полицейлер азаматтардан әлеуметтік желіге расталмаған ақпаратты таратпауларын сұрайды және жалған мәліметті тарату үшін жауапқа тартылатынын еске салды. 

Соңғы жаңалықтар