Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
2022 жылғы 11 тамыз 13:33

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімінің өкімімен Жанбаев Данияр Серікұлы Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Жанбаев 1981 жылы Қостанай облысының Жітіқара қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі», Қырғыз-Ресей Славян университетін, «оториноларингология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының докторы.

1999-2002 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық ауруханасының реанимация бөлімшесінің санитары;

2002-2003 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының көшпелі жедел жәрдем бригадасының санитары;

2003-2005 жылдары Нұр-Сұлтан қаласының №1 қалалық ауруханасы реанимация бөлімшесінің дәрігері;

2008-2009 жылдары Нұр-Сұлтан қалалық онкологиялық диспансерінің оториноларинголог дәрігері;

2009-2010 жылдары Алматы қаласындағы «Сұңқар медициналық компаниясы» ЖШС дәрігер оториноларингологы;

2010-2012 жылдары Алматы қаласындағы «Almaty Medical System» ЖШС бас дәрігері;

2014-2016 жылдары «Астана медицина университеті» АҚ онкология кафедрасының ассистенті;

2016-2018 жылдары Қостанай облысы Қамысты орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері;

2018-2019 жылдары Қостанай орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы;

2019-2020 жылдары Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келген.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT