Қостанай мен Рудныйда екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай және Рудный қалаларының оқушылары екінші ауысымның сабағын үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтем жасап.

«Желдің күшеюі, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 18 ақпанда екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Оқу бағдарламасы қашықтық форматы арқылы ұсынылады» делінген басқарма ақпаратында.

Дәл осындай ақпаратты Рудный қалалық білім бөлімі де таратты.

Қала оқушылары онлайн режимде сабаққа қатысады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің 1-2 курс студенттері қашықтан оқуға көшеді.


Соңғы жаңалықтар