Қостанай мен Ганновер қалаларының арасында маусымдық әуе рейсі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы Қостанай мен Германияның Ганновер қаласының арасында маусымдық әуе рейсін ашты. Бұл туралы компанияның Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланған.

«Біз Қостанай мен Германияның солтүстігінде орналасқан Ганновер қаласы арасында 2015 жылдың 17 мамырынан 13 қыркүйегіне дейін жаңа маусымдық әуе рейсі ашылғанын хабарлаймыз. Билеттерді біздің сайт арқылы немесе брондау және ақпарат орталығына хабарласу арқылы сатып алуға болады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания Франкфурт қаласына жолаушылардың енді жаңа Боинг 767 ұшағымен сапар шегетінін хабарлайды. «Боинг 767 ұшағының салоны толықтай өзгертілген. Бизнес-класс 1-2-1 реті бойынша орналасқан 30 жатын орындықпен жабдықталған. Бизнес-класс жолаушылары заманауи 38 см-лік жеке ойын-сауық жүйесі мен дыбыс өткізбейтін құлаққаптарды пайдалана алады. Біздің эконом-класс 23 см-лік сенсорлық экраны бар 193 орындықпен жабдықталған. Нәтижесінде әр жолаушы өз қалауына қарай түрлі фильмдер мен телевизиялық сериалдарды тамашалап, музыка тыңдай алады», деп хабарлайды әуе компаниясынан.

Соңғы жаңалықтар