Қостанай мен Атырау облыстарында нөсер жауатындығы ескертілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 тамызда Қостанай мен Атырау облыстарында нөсер жңбыр жауып, дауыл жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағайлы жауын жауады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 %.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады, оған ілесе батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау қаласында нөсер жауады деп күтілуде. Дауылдың ықтималдығы 80-85% деп болжануда.
Еске сала кетсек, бүгін Астанада түстен кейін жауған нөсер жаңбырдан кейін қаладағы бірқатар көшені су басып кетті. 

Соңғы жаңалықтар