Қостанай мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің жаңа басшысы Аманжол Жақанов 1974 жылы Федоров ауданының Мирный селосында туған. Негізгі мамандығы - экономист. Қостанай ауыл шаруашылығы институтын 1995 жылы тәмамдаған. 2000 жылы Мәскеу қаласында Қазіргі заманғы  гуманитарлық университетінде «Заңтану»  мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Мемлекеттік қызметке 1995 жылы келген.

2008 жылы «Салық қызметінің үздігі» атағы берілді. 2011 жылы  «Қазақстан Республикасының Салық қызметіне 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар