Қостанай мектептеріне екінші ауысым сабақтарын қысқарту ұсынылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың білім бөлімі ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтарды қысқартуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысында ауа райы күрт нашарлады. Жел күшейіп, боран соғуына және жолдың көрінбеуіне байланысты Қостанай қалалық білім бөлімі екінші ауысымдағы сабақтарлы қысқартуға кеңес береді», - делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Бұған дейін хабарланғандай, 13:00-ден бастап Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолының жабылуына байланысты А-22 «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный- Қостанай» тасжолының 262-232 шақырым аралығындағы учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.


Соңғы жаңалықтар