+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қостанай мектептеріне 6 мыңға жуық компьютер сатып алынды

2020 жылғы 31 мамыр 08:45
Бөлісіңіз:
Қостанай мектептеріне 6 мыңға жуық компьютер сатып алынды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мектептерді компьютерлер және интернетпен қамтамасыз ету үшін қомақты қаржы бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюкке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс

Өңірде білім саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артқан. Соның нәтижесінде мектеп инфрақұрылымын дамытуға мол мүмкіндік туып отыр. Мәселен, биыл жаңадан 3 мектеп бой көтереді. 130- ға жуық білім беру ғимараттарына жөндеу жүргізу жоспарланған. Басты көрсеткіш – білім саласын цифрландыру жұмыстары жақсарды.

«Облыс мектептеріне 6 мыңға жуық жаңа компьютер сатып алынды. Оған шамамен 1,4 миллиард теңге бөлінді. Мектептердің 80 пайызы компьютерлермен жарақтандырылды. Карантин режимі енгізілгелі қашықтан оқуға көштік. Бұл цифрлық білім берудің қажеттілігін көрсетті. Білім нысандарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 153 млн теңге қарастырылды. Жалпы, соңғы үш жылда меценаттардың көмегімен өңірде 66 IT-сынып пен 31 робототехника кабинеті ашылды», - деді Василий Цымбалюк.

Басқарма басшысы айтқандай, оқушылардың жазғы демалысы қатаң бақылауға алынады. Санитарлық- эпидемиологиялық талаптар демалыс лагерьлерінде сақталады. Биыл облыс аумағында үш лагерь жұмыс істейді. Олар: Генерал Бәкіров атындағы демалыс базасы, «Лесная сказка» және «Алтынгүл» сауықтыру лагерлері. Демалыс аймақтарына ата-анасының қамқорынсыз қалған 400-дей жеткіншекке жолдама беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT