Қостанай мектептерінде сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында орта білім беру мектептерінде сабақтар 30 минутқа қысқартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алау-ТВ сайтына сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, мұндай шешім 25 қыркүйек күні Қостанай қаласында ауызсудың берілуінің тоқтатылуына байланысты қабылданып отыр.

«Қостанай Су» компаниясы бұл күні мектеп оқушыларын сабақтан босатуды ұсынған. Алайда, әкімдіктің білім бөлімінің бөлім басшысы Евгений Терентьев бұл ұсынысты қолдамайтындарын атап өтті.

«Бізде оқу процесі бар және заң бойынша сабақтарды осы үшін тоқтата алмаймыз. Біз шара қолданамыз, бірақ мұндай емес. Мектептердегі сабақтарды 30 минутқа дейін қысқартамыз. Ата-аналар балалардың тамақтануы жағын ойластыруы тиіс. Себебі мұндай жағдайда асханалар істемейді. Балабақшалар жұмыс істемейді. Оқу орындарын сумен жеткілікті деңгейде қамту үшін ұсыныстар береміз», - деді Евгений Терентьев.

 

Соңғы жаңалықтар