Қостанай колледжінің жатақханасында бөгде адамдар тұрып келген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда өкілетті органдар оқу орындарындағы жатақханаларды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім етілгендей, «Таза сессия» рейді кезінде Қостанай қаласының жоғарғы оқу орындарына тиесілі нысандар тексерілді.

«Агенттік мамандары арнайы мониторингтік топтармен бірігіп, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің жатақханасын тексеру кезінде заңсыз фактілерді тіркеді. Онда студенттердің орнына бөгде адамдарға бөлмелер ұсынған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова.

Жалпы, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің жатақханасы 300 студентке шақталған. Алайда, бүгінде мұнда студенттерден бөлек, өзге отбасылы адамдардың тұрып жатқаны анықталды. Сондай-ақ, жатақхананың бір бөлмесін Қостанайдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы жалға алған. Ол ай сайын 19 мың теңге төлеп келген.

Аталған заңбұзушылыққа қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар