Қостанай колледжі 15 ноутбук үшін 14,5 млн теңге артығымен төлемек болған

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Былтыр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік сатып алулар кезінде тауар құнын нарықтағы бағадан қымбат етіп көрсеткен ұйымдарды анықтады. Нәтижесінде 220 млн теңгеден астам қаражат үнемделген. Бұл туралы жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың күзінде денсаулық сақтау саласы ұйымдарының бірі 10 млн теңгеден астам сомаға керуеттер сатып алғысы келген. Ашық сауда алаңдарындағы бағалар мониторингі техникалық ерекшелікте көрсетілгенге ұқсас сипаттамалары бар керуетті шамамен 40% арзан бағаға сатып алуға болатынын көрсетті. Нәтижесінде бюджет қаражатын 3,5 млн теңгеге үнемдеуге мүмкін болды.

Басқа жағдайда Қостанай колледжі жалпы құны 21 млн тенге болатын 15 ноутбук сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ұсынысынан кейін сатып алу жоспары жалпы құны 6,5 млн тенге болатын 10 ноутбукке дейін түсірілді. Барлығы өткен жылы департаменттің ұсыныстары бойынша жоспарланған бағасы жоғары мемлекеттік сатып алулардың құнын түсіру және жасалынған шарттар бойынша профилактика тәсілімен 220 млн теңгеден астам үнемдеуге қол жеткізілді», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар