Қостанайда тұрғын үй ауласында адамды пышақтаған күдікті ұсталды
2018 жылғы 21 мамыр 10:23

Қостанайда тұрғын үй ауласында адамды пышақтаған күдікті ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда тұрғын үй ауласында ер адамды пышақтап өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, оқиға кеше сағат 21:00 шамасында қаладағы Текстильщиктер көшесінде болған. Үй аулаларының бірінде белгісіз біреулер ер адамды пышақтап тастаған. Алған дене жарақаты салдарынан ол оқиға орнында жан тәсілім етті.

null

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT