Қостанай қаласындағы дәмханада жасырын казино анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы дәмханада жасырын казино анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттікке қарасты Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қостанай қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

«Астыртын казино қаладағы жертөленің бірінде жұмыс істегені анықталды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.

Ведомства азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу үшін ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтауды тұрақты негізде жүргізе бермек.


Соңғы жаңалықтар