Қостанай қаласында жаңа аурухана салынып жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда көп бейінді аурухана салынып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай қаласын аралау барысында қуаты 200 төсектік көп бейінді инфекциялық аурухана құрылысының барысын тексердім.

Аталған аурухананың аумағы 6,76 мың шаршы метрді құрайды.

Қазіргі уақытта қазаншұңқыр әзірленді, қайта көму, қиыршық тас дайындау, іргетас орнату және блоктарды монтаждау жүргізілуде.

Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 200-ден астам адам жұмыс істейді», - деп хабарлады аймақ әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында .

Аурухана құрылысын осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Сапар барысында Архимед Мұхамбетов «Аэропорт» шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын қарап шықты.

Бүгінде аталған үйлерде сыртқы инженерлік коммуникациялар толық көлемде жүргізілген. Жұмыс 2 ауысымда өтеді.

«Үйлерді ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша жоспарланған жобаларды іске асыруды сапалы және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырдым», - дейді А.Мұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар